АСТАНА. 22 маусым. Ғарышкерлерді даярлау орталығының ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты британдық әнші Сара Брайтманның орнына Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға қатысушы ретінде бекітті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен Айымбетов ХҒС-ына қысқа мерзімдік экспедициясының құрамына енгізілді. Оның дублері болып ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев тағайындалды», – деді аталған агенттіктің өкілі журналистке берген сұхбатында.
Ғарышқа ұшуға үміткер болған ресейлік бизнесмен Федор Гальчев, әңгімелесушінің нақтылауынша, ғарышқа ұшу идеясынан бас тартқан жоқ. Бірақ әзірге осындай сапарға шығуға жеткілікті түрде дайын емес екенін түсініп отыр.
Бұған дейін Росғарыш басшысы Игорь Комаров ТАСС агенттігіне ХҒС-на ұшудан бас тартқан Брайтманның орнына ұшатын адам таяу уақытта анықталатынын хабарлаған еді.
Айымбетов пен Гальчевтан басқа, "Союз ТМА-18М" кемесінде британдық әншінің орнына ұшу тәжірибесі болмаған Прокопьев үміткер болған.
"Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің Байқоңыр (Қазақстан) ғарыш айлағынан ұшуы 1 қыркүйекке жоспарланған. Айымбетовпен бір экипажда орбитаға ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен ұшады.
Айта кетейік, Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында туған. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "жоюшы-ұшқыш" мамандығы бойынша бітірген.
Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан).
2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті. 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 22 Маусым, 2015
Қазақстандық ғарышкер қыркүйекте ғарышқа ұшатын болды

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13