04 Тамыз, 2015

Ресейлік қандастар «Махалла» мешітінің 20 жылдығын тойлады (фото)

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-08-2015-Meshit 1ҚОСТАНАЙ. 04 тамыз. Ресейдің Челябі облысындағы Нағайбақ ауданында «Махалла» мешітінің 20 жылдығы аталып өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанаймен көрші Челябі облысында 36 мыңнан аса қандастарымыз тұрады. Нағайбақ ауданындағы Арсланбай ауылын тұтас қандастарымыз жайлап отыр. Мұнда 1995 жылы мұсылман мешіті салынған болатын. Өткен жылдан бастап, осы мешіт қайта жөнделген болатын. Имандылық үйінің 20 жылдық мерекесі аталып өтті. Оған Қазан қаласынан, Омбыдан, Челябі облысының аудандарынан қонақтар келді. Мерекеде Урал өңірінің муфтиі, Челябі және Қорған облыстары мұсылмандар аймақтық діни басқармасының төрағасы Ринат қажы Райф және басқа да дін өкілдері, құрметті қонақтар имандылық үйінің меркесімен ауыл, аудан жұртшылығын құттықтады. Ринат қажы хазрат Райф: «Нағайбақ ауданындағы жалғыз мешіттің жөнделіп, қайта жаңғыртылғанына біз қуаныштымыз. Бұл мұсылман жұртына қызмет ете береді. Ауданда тағы да мешіт салынатынына сенім білдіреміз», – деді. Мұнан кейін Нағайбақ ауданының басшысы Қайырбек Сейілов аудан жұртшылығын, келген қонақтарды мерекемен құттықтады. Сонау 90-шы жылдардағы ауыр кезеңде осы ауданда мешіттің салынуына өзінің мұрындық болғанын айта келіп, аудан басшысы жұртты осы іске ұйыту, оның қаржысын табу, құрылысын жүргізу оңайға соқпағанын да тілге тиек етті. Сол кезде көмек қолын созғандарға рахметін айтты. Мешіттің мерекесіне Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қостанай облыстық филиалының делегациясы да қатысты. Мереке концертпен жалғасты. Мешіт мерекесіне арналып ас берілді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. 04-08-2015-Meshit 2 04-08-2015-Meshit 3 04-08-2015-Meshit 4