АСТАНА. 4 шілде. Ақмола облысында полицей әйелі мен өзін атып өлтірді. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчуктың басылымға берген дерегіне қарағанда, Бұланды аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері әуелі әйелін, содан соң өзін атып өлтірген.
«Төтенше жағдай Макинск қаласында орын алды. Ол жөніндегі ақпар аудандық бөлімнің кезекші бөліміне келіп түскен», – деді Гүлнар Пинчук. Әйелі мен өзін атып өлтірген полиция қызметкерінің жасы 31-де болған, полиция капитаны шеніндегі ол учаскелік инспектордың көмекшісі болып қызмет істеген. Қаза тапқан жұбайлардың артында үш жасар балалары қалған.
«Оқиға орнына тергеу-жедел тобы, сондай-ақ өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Ақмола облыстық ішкі істер департментінің басшылығы шұғыл аттанды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дегенді қосты Гүлнар Пинчук.
Баспасөз қызметінің басшысы сонымен бірге тергеу толық аяқталғанға дейін «аталмыш төтенше жағдайдың жайы мен себептері туралы бір нәрсе айта қою қиын» екенін ескертіп өтті. «Тергеу нәтижелері туралы БАҚ-тарға қосымша хабарлаймыз», – деді ол.
Айта кетуіміз керек, Ақмола облысында осыған ұқсас оқиға биылғы көктемде де орын алған болатын. Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің 24 жастағы тергеуші келіншегі 25 наурызда өзін өзі өлтірді. Аға лейтенант жұмыс кабинетінде табельдік қарумен өзін өзі атқан. Анықталмаған ресми деректер бойынша, полиция қызметкерінің суицид жасауына отбасылық кикілжің әсер еткен.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.
• 04 Тамыз, 2015
Ақмолада полицей алдымен әйелін, сосын өзін атып өлтірді

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше