1997 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) бүгінгі күні деректерді электрондық өңдеуді қолданумен ынтымақты, жинақтаушы зейнетақы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйелерінде функцияларды жүзеге асыратын әлеуметтік төлемдерді есепке алатын және төлейтін еліміздегі негізгі оператор. ЗТМО-ның 14 облыстық, Алматы, Астана қалалық филиалынан, 208 аудандық және қалалық бөлімшелерінен тұратын дамыған филиалдық желісі бар, онда 3,5 мың білікті маман еңбек етеді. Орталықтың аймақтық бөлімшелері күн сайын әлеуметтік саланың әртүрлі мәселелері төңірегінде шамамен 15 мың адам қабылдайды. Жұмыс, әлеуметтік төлемдер, қаржы ағыны және еліміздің халқына көрсетілетін қызметтер көлемінің үнемі артуы ЗТМО қызметін сипаттайтын жалпы үрдіс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық және ақпараттық технологиялардың дамуын қазіргі замандағы мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде атап өтті. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) негізінде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету осы міндетті іске асырудың маңызды бағыты екендігі белгілі. Мемлекеттік органдарға азаматтар қызмет алу үшін жүгінген кезде туындайтын негізгі проблемалар – кезекте ұзақ тұру, бір мәселе бойынша бірнеше рет жүгіну, нәтижесін сарылып күту және қызмет алу рәсімі туралы ақпараттың жеткіліксіздігі. Қазіргі уақытта АКТ-ні жаппай енгізу және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің даму деңгейі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу механизмдері мен тәсілдерін жаңғыртуға мүмкіндік береді, атап айтқанда «электрондық үкімет» порталы арқылы Интернет желісінде онлайн режімінде мемлекеттік қызметтерге тұтынушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (ДСӘДМ) «электрондық үкімет» порталында ЗТМО арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұсынысты алғаш рет 2009 жылы жариялады. Бұған әлеуметтік жеке код (ӘЖК), ӘЖК телнұсқасын, салымшы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беретін мемлекеттік қызметтер жатады. Аталған қызметтерді алу үшін тұтынушыда тек электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және интернет-ресурсқа қолжетімділік болу қажет. 2009-2014 жылдар аралығында ЗТМО арқылы ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің саны төрт есеге артты. Электрондық мемлекеттік қызметтердің динамикасы төменде келтірілген. Егер өткен жылдары ЗТМО арқылы ұсынылатын ДСӘДМ электрондық мемлекеттік қызметтерінің негізгі бағыты хабарландыратын сипатта болса (объективті себептер бойынша қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың болмауы), ал 2012 жылдан бастап ДСӘДМ порталға ЗТМО арқылы басқа да қызметтерді, атап айтқанда төлемдер тағайындауды шығарды. Сапалы деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыру үшін Қазақстан Республикасында 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызмет көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту, бизнес-үдерістерді оңтайландыру бойынша жоспар (жоспар) әзірленіп, іске асырылды. Аталған жоспарды іске асыру: 1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ведомствоаралық интеграциялауға, яғни мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған қажетті ақпарат иелері – әртүрлі мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық деректер қоры қолданылады; 2) электрондық түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру және автоматтандыру бөлігінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге; 3) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және мерзімін қысқартуға бағытталған. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтініш беруші аталған мемлекеттік қызметке стандартпен белгіленген құжаттар тізбесін ұсынуы тиіс. Жоспарларды іске асыру құжаттар тізбесін оңтайландыруға мүмкіндік береді, өтініш беруші мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жоқ ақпаратты ғана ұсынады, ал басқа да талап етілетін құжаттар бойынша ақпарат онлайн режімінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіндегі сұраулар бойынша ұсынылады. «Электронды үкімет» порталы арқылы электрондық қызмет көрсетудің негізгі принципінің бірі – «Электронды үкімет» порталына қызмет тұтынушының жүгінуі және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпарат иесінің – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу арқылы электронды өтініштерді қалыптастыруы. Сондай-ақ, 2012 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақыт аралығындағы кезеңде төмендегі ЗТМО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электронды пішімде іске асырылды: 1. Құжаттарды оңтайландыру шеңберінде 9 мемлекеттік қызмет іске асырылды: 1) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау; 2) Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды таға- йындау; 3) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау; 4) Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау ( №1, №2-тізімдер); 5) Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау; 6) Мүгедек бала тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау; 7) Әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер тағайындау; 8) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау; 9) Жерлеуге берілетін жәрдемақы. Сонымен қатар, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төле нетін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жерлеуге берілетін жәрдемақыны есептемегенде, қазіргі уақытта осы қызметтерді одан әрі өңдеу үшін «ЗТМО» РМҚК филиалдарына беріп, электрондық өтініштерді қалыптастыру бөлігінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылады. «Электрондық үкімет» порталына мынадай 4 мемлекеттік қызмет орналастырылды: 1) Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау; 2) Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау; 3) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау; 4) Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетудің алдағы уақытта перспективалық дамуы композиттік мемлекеттік қызметтерді әзірлеу болып табылады. Қызметтің осы түрі өтініш беруші жәрдемақы тағайындауға бір өтініш бере отырып, қатарынан бірнеше мемлекеттік қызмет түрін ала алады. Қазақстанда 2015 жылғы 1 маусымнан бастап жұмысынан айырылған адамдар үшін «Жұмыссыз азаматтарды есепке алу мен тіркеу және жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау» композиттік қызметі енгізілген. Енді азаматтар жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құжаттар ресімдей алады, яғни жұмысынан айырылған адам жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға жеке басын куәландыратын бір құжатпен барып: - жұмыссыз ретінде тіркелу; - жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау екі қызметін алуына болады. Осы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 күннен 8 күнге дейін қысқарды. Қазіргі уақытта, төмендегі: 1) мүгедектік белгіленген адамдар үшін біртұтас қызмет алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту шараларын ұсыну үшін құжаттар ресімдеу, мүгедектігі бойынша МӘЖ және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, МӘСҚ төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау; - медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу; - мүгедектігі бойынша МӘЖ және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; - МӘСҚ төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау; - жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту шараларын ұсыну үшін құжаттар ресімдеу. 2) ЭҮП арқылы «бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік қатер туындаған кезде әлеуметтік төлем тағайындау» композиттік қызметтерін дайындау жұмыстары жүзеге асырылуда. Осы қызметтерді іске асыру қызмет алушыларға бір электрондық өтініш негізінде: бала туғанда берілетін жәрдемақы (республикалық бюджет қаражаты есебінен) және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатері туындаған кезде үйден шықпастан әлеуметтік төлем алу мүмкіндігін туғызады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, халыққа қызмет көрсету қолайлылығын жақсарту, халықтың қанағаттану деңгейін арттыру шеңберінде ЗТМО-да төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылды: 1) Халықты мемлекеттік қызметтер бойынша SMS-ақпараттандыру. Халықты SMS-ақпараттандыру арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ұсынылады: тағайындалған зейнетақы, әлеуметтік төлем және жәрдемақы, біржолғы өтемақы мөлшері, немесе тағайындаудан бас тарту себебі туралы; 2) 2014 жылғы ақпаннан бастап ЗТМО-ХКҚО өзара байланысы бизнес-үдерістерін оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқартуды есепке ала отырып, электрондық құжаттарды қабылдау/тапсыру арқылы жүзеге асырылады; 3) ЗТМО ірі аудандық және қалалық бөлімшелерінде 59 «Электрондық кезек» бағдарламалық-аппараттық кешені орнатылған, бұл келушілер санын басқаруды оңтайландыру және жақсарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер сапасын, оның әр кезеңінде бағалау мүмкіндігін туғызды; 4) Мемлекеттік қызметтер қолжетімділігін арттыру мақсатында шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындар үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық және Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері мен «Қазпочта» АҚ мамандары арасынан мобильдік топтар ұйымдастырылды. 2015 жылғы 16 наурыздан бастап мобильдік топтардың шалғай елді мекендерге баруы ұйымдастырылды, бұл мемлекеттік қызмет алу қолайлылығын, жеңілдетілген тәртібін қамтамасыз етеді және азаматтардың уақыты мен шығындарын азайтады. ЗТМО жұмысы осымен шектелмейтінін және ҚР азаматтары үшін мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету сапасын арттыру үшін АКТ-ні дамыту және жаңғырту бағытындағы жұмыс жыл сайын жетілдірілетінін атап өткен жөн.
ЗТМО-ның электрондық мемлекеттік қызметтер динамикасы
2009 жыл | 2010 жыл | 2014 жыл |
• Салымшы қаражаттарының келіп түсуі, қозғалысы туралы ақпараттарды беру • Әлеуметтік жеке код беру • Әлеуметтік жеке код беру туралы телнұсқа ұсыну | • Салымшы қаражаттарының келіп түсуі қозғалысы туралы ақпараттарды беру • Әлеуметтік жеке код беру • Әлеуметтік жеке код беру беру туралы телнұсқа ұсыну • Бала туғанда және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Мүгедектігін растау туралы ақпарат алу • Базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, ЗТМО төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу | • Салымшы қаражаттарының келіп түсуі, қозғалысы туралы ақпараттарды беру • Бала туғанда және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Мүгедектігін растау туралы ақпарат алу • Базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, ЗТМО төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу |
• Бала туғанда берілетін жәрдемақы • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі • Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау |