2014 жылы тамыз айында конкурстан ғимарат құрылысын жүргізуді «Сыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алады. Құрылысты жүргізу үшін 826 614 334,56 теңгеге келісім жасалады. Құрылыс 2015 жылғы тамызда аяқталуы тиіс болатын. Тендерде көрсеткен ықпалы үшін Мақсұт Қалиев 13 миллион теңгені 1 тамыз күні «Premium Palac» мейрамханасы жанында мердігер кәсіпорын директорынан алды. Бірақ тұтылды.
Осылай халықтың маңдай терімен жиылған қазынаның қаржысын ту-талақай еткендерге де бір тосылу бар екен. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобы алдымен Мақсұт Қалиевті және Гагик Овнанянды, одан бір күннен кейін Қостанай қаласы әкімінің тағы бір орынбасары Фрунзик Аракелянды осы іске қатысы бар деген күдікпен жұмыс үстінде ұстады. Әкімдіктің басқа қызметкерлерінен жауап алынды. Мақсұт Қалиев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша аса ірі көлемде пара алғаны үшін, Гагик Овнанян 367-баптың 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша аса ірі көлемде пара бергені үшін айыпталады. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев пен оған пара берген «Сыл» кәсіпорнының директоры Гагик Овнанян сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.