Шаруашылық • 10 Шілде, 2025

Абай ауданында жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай ауданы Көксу ауылында пайдалануға берілген пункт біріздендірілген блок-модульдерден жасалған, үй және ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалауға, дерттердің алдын алуға, вакцинациялауға, емдеуге және жоспарлы тексеруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай ауданында жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды

Облысты заманауи ветеринарлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі және мамандар үшін де, тұрғындар үшін де маңызды.

– Қолайлы және қазіргі заманғы жағдайлары бар осындай пункттердің ашылуы – өңірдегі мал шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін маңызды қадам, сондай-ақ халық үшін жануарлардан алынатын өнімдер қауіпсіздігінің кепілі. Бұл тек ветеринарлардың жұмыс жағдайын жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар тұрғындар мен мал өсірушілерге ветеринарлық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін де қажет. Бұл қызмет көрсету сапасын жақсартады, эпизоотиялық қауіпсіздікті арттырады және мал шаруашылығын дамытуға ықпал етеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов ветеринарлық пункттің ашылуында.

Пункт Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында салынған. Оның ашылуы осы жылдан бастап 10 шілдеде атап өтілетін Ветеринарлық қызметкер күніне орайластырылған.

Ашылу салтанатында саланың үздік мамандары құрмет грамоталарымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35