Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен қазақстандықтарға өзі суретке түсіргенді ұнататынын жеткізді. Тіпті Instagram желісінен аккаунт ашып, қоржынындағы қызықты суреттерін жариялап та қойған.
Спортшының айтуынша, ол бұрыннан бері суретке түсірумен айналысады екен. «Суретті және өнердің өзге түрлерін жақсы көремін. Балалық шақта суретшінің қолынан шыққан әрбір дүниеде оның ашқысы келетін түпсіз тереңдік, үлкен тарих жатқандай болатын. Бұл менің философиямен айналысуыма шабыт берді, тіпті мұнда да тығыз байланыс бар. Бірақ бұл жерде – философияда, өнерде және өзгелерінде тек ойдың бар екенін кенеттен түсініп, мен «ойға» келе бастадым. Өнердегі форма мен бояу бізге форма мен бояу туралы ғана айтады – басқа ештеңе айтпайды», – деді ол. Айта кетейік, спортшының аккаунтында тұңғыш сурет бұдан бір апта бұрын жарияланды. Оның парақшасына бірнеше күннің ішінде 427 адам жазылып үлгерген. Суреттер тізбегінде еліміздің волейболшы қызы Сабина Алтынбекованың және бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің бейнелері тұр.
Талғат РАЙЫМБЕК.