17 Ақпан, 2015

Есеп миллиардқа ауысты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін 3 миллиард 490 миллион теңгенің мүлігін (жылжымайтын мүлік) жария ету жөнінде 390 өтініш қабылданған. Қазіргі күні ұсынылған құжаттар негізінде 164 өтінішке қатысты оң шешім қабылданды. Бұған қоса, 719 нысанның 379-ы бойынша ресми құқықтық қаулы шығарылып отыр. Жария етілген мүліктің жалпы құны 1 миллиард 032 миллион теңгені құрайды. Бұл орайда облыс орталығында, Целиноград және Бурабай аудандарында тіркелген өтініштер саны басқаларға қарағанда көбірек. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында жергілікті атқару органы жанынан құрылған комиссия тұрғындардан 127 өтінішті қабылдаған. Мұның 39-ы бойынша қанағаттанарлық шешім шығарылса, 32-сінің заңдық негізі жоқ деп табылды. Сондай-ақ, комиссия қара­уындағы 48 нысанның материалдары қосымша зерттеу үшін кері қайтарылып, 8 өтініш қаралу үстінде. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.