Шайхы-Ислам Мағауияұлы былтыр мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Жұлдыздарға қара» жобасына қатысып, жеңімпаз атанған болатын. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ-тың «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асыратын жоба аясында Арал ауданының жас кәсіпкеріне жонғыш станок сатып алуға грант бөлінген еді. Жаңа құрылғы кәсіпкердің шағын бизнесінің кеңеюіне септігін тигізіп, естелік сыйлықтар, зергерлік және басқа да бұйымдарды сапалы етіп шығаруға өз пайдасын әкелді. Жонғыш станокпен жас кәсіпкер Шайхы-Ислам темірдің түр-түрінен, түсті металдардан шашбау, тұмар, білезік, сақина, жүзік, ерлер жүзігі, т.б зергерлік бұйымдарды, сонымен қатар, қайың ағашынан ыдыс аяқтар, бас табақ, шолпы, қасық, кесе, теріден торсық, кесеқап секілді тұрмыстық бұйымдарды дайындауды жетік меңгеріп, аралдық тұрғындар мен Арал теңізін көруге келген туристерге өз өнімін сатуда.
Оның сөзінше, бизнесін хобби деп біледі және сүйікті ісімен қуана айналысады. Алайда, дәрігерлер қолөнер саласымен айналыспауға кеңес берген. Себебі, кәсіпкердің көру қабілеті жыл санап нашарлап барады. Дегенмен, мақсатшыл жас кәсіпкер осы білгенімен тоқтап қалмақ емес және бүгінде Астана қаласында 2017 жылы өтетін халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуға үлкен дайындық жасауда.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда.

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40