17 Ақпан, 2015

Сенат отырысының күн тәртібі талқыланды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палата бюро­сының отырысын өткізді және Қазақстан Республикасы Прези­дентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Кеңесінің үндеуі туралы мәселені  2015 жылғы 19 ақпанда болатын палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне енгізуді ұсынды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенаторлар отырыс барысында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Адам­дар­дың реадмиссиясы туралы келісімді және Адамдардың реа­дмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы және Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығына қатысушы мемлекет­термен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мем­лекеттердің келісімін ратификациялау туралы заң жобаларын; «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжатты; заңнамаға денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулерді (бірінші оқылым); қолданыстағы заңнамаға зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын (екінші оқылым) қарауды жоспарлады. Бюро отырысында Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Экономикалық саясат, инно­вациялық даму және кәсіп­керлік комитеті «Еуразиялық эконо­микалық комиссияның бәсеке­лестіктің бірыңғай қағида­ларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын одан әрі пысықтайтын болды.