Өнер • 22 Шілде, 2025

Қылқалам шеберлері – Маңғыстауда

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында суретшілер мен мүсіншілердің халықаралық симпозиумы басталды.

Қылқалам шеберлері – Маңғыстауда

20–30 шілде күндері өтетін симпозиум беделді қылқалам шеберлерінің өзара тәжірибе алмасуын, шеберлік сабақтарын өткізуді және Маңғыстау өлкесінің табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін өнер шығармаларын жасауды мақсат еткен. Сондай-ақ симпозиум арқылы темірден жасалған мүсіндерді насихаттау, қаланың көрікті жерлерін ашу және мүсін өнерін дәріптеу де ұмыт қалмаған.

Он күнге созылатын симпозиумға түркітілдес мемлекеттерден 30-дан астам мүсінші мен суретші қатысып жатыр. Елімізден қатысушы он мүсіншінің екеуі, он суретшінің бесеуі Ақтаудан.

«Іс-шара бейнелеу өнерін насихаттап, қала тұрғындары мен қонақтарын түркі­тілдес елдерден келген қатысушылардың шығармашылығымен таныстыруды көздейді», дейді Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Мұсағалиев. Айту­ларынша, симпозиум аясында өткізілетін іс-шаралар қала мәдениетін дамытуға, өнерге қызығушылықты арттыруға және халықаралық мәдени байланысты нығай­туға бағытталған.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Елден кіндігін үзбеген…

Қоғам • Бүгін, 12:12

Перу дәрігерлері сиам егіздерін ажыратты

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 11:30