17 Ақпан, 2015

Минск кездесуінің қорытындылары талқыланды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары Ук­раи­на дағдарысын реттеуге байланысты өткен Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады. Украинаның оңтүстік-шығы­сындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үдерісін ілгерілетуге қосқан жеке қомақты үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқан Украина Президенті осы бағытта одан әрі қарай күш-жігер жұмсай беруін өтінді. П.Порошенко Украина жағы оқ атуды белгіленген уақытта тоқтататынына сендіре отырып, екінші жақтың да осылай әрекет етуі қажет екендігіне назар аударды. Қазақстан Президенті қақ­ты­ғысып жатқан тараптар Минск келісімінде қабылданған ке­шенді шаралардың мүлтіксіз орындалуын  қамтамасыз еткені маңызды екенін айтты. Бүкіл әлем осыны күтіп отыр. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.