ПЕТРОПАВЛ. 17 ақпан. Ақмола облысының этномәдени бірлестігінің өкілдері солтүстікқазақстандықтарға «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасының символы – «Тайқазанды» табыстады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚХА эстафетасына қатысушыларды Қызылжар өңірінің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері қарсы алып, содан кейін Аққайың ауданындағы қарттар мен мүгедектерге арналған Смирнов интернат үйіне ат басын тіреді. Сосын эстафета ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдер тәрбиеленетін Соколов мамандандырылған мектеп-интернатына әкелінді. Этномәдени бірлестіктің өкілдері балаларға сыйлық үлестіріп, ән-жырдан шашу шашты.
«Тайқазан» – жақсылық пен қайырымдылықтың символы. Ол біздің барлық аймағымызды аралап өтеді. Тайқазанды бізден павлодарлықтар қабылдап алады», – деді еврей этномәдени орталығының төрағасы Рашбиль Евдаев.
Астанада 6 ақпанда басталған эстафета 22 сәуір күні ҚХА-ның 22-ші сессиясында ізгі тілектерге толтырылған «Тайқазан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етіледі.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметі.
Сурет: «24kz».

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40