05 Тамыз, 2015

Селден зардап шеккендерге көмекке 50 млн. теңге жиналды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
5-8-15-sel 01АЛМАТЫ. 5 тамыз. Селден зардап шеккендерге көмекке 50 миллион теңге жиналды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының директоры Айдар Балабеков халықтан жиналған бұл қаражат арнайы есепшотта сақталып тұр деді. Оны бөлу –арнайы құрылған комиссия мүшелерінің үлесінде. Балабековтің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде Алматының Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарының селден зардап шеккен тұрғындары қордың атына өтініш түсіре бастады. Атап өтерлік бір іс, тау өзенінің арналарын дезинфекциялау жұмысына да арнайы ақша бөлінбекші. Қазіргі таңда зардап шеккен ауданда 836 солдат тынбай жұмыс істеуде. Қор директоры Наурызбай ауданы әкімінің өтініші бойынша солдаттарға қосымша тамақ берілетін болды. Қоғамдық қордың Наурызбай ауданындағы мекенжайы: Қали Нәдіров көшесі, 51 «А» үй, тел.: (727) 317-26-10. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 5-8-15-sel 02