Аймақтар • 30 Шілде, 2025

Қарағандыда тазалық жұмыстары LED-экрандардан көрсетіледі

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 медиаборд пен 5 LED-экранда күн сайын абаттандыру мен тазалыққа қатысты ақпарат жаңартылып отырады. Сонымен қатар апталық статистика 53 қалалық маршруттағы экрандарда көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда тазалық жұмыстары LED-экрандардан көрсетіледі

Фото: Видеоскрин. Индустриальная Караганда

Аталған құрылғылар арқылы – шығарылған қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) және ірі көлемді қоқыс көлемін, шабылған шөп пен тазаланған көшелер санын, сондай-ақ жойылған бейберекет қоқыс үйінділерінің санын бақылауға болады.

«Ақпарат күн сайын жаңартылып отырады, ол коммуналдық және мердігер ұйымдардың жұмысы негізінде қалыптастырылады. Тұрғындар көріп отыруы үшін – жағдайдың шынайы көрінісі, ешқандай әсемдеусіз және сүзгіден өткізілмей беріледі. Қарағанды өзгеріп келеді. Уәделер арқылы емес, нақты статистика арқылы. Цифрлар сөзден гөрі әсерлі сөйлейді», деп түсіндірді қалалық әкімдік қызметкерлері.

Мұндай тәсіл қалалық қызметтердің жұмысын ашық етіп қана қоймай, тұрғындарды да үдеріске тартуға септігін тигізеді.

«Өйткені нәтижені осы жерде, дәл қазір көрсең – өзің де соның бір бөлшегі болғың келеді», деді әкімдік өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30