17 Ақпан, 2015

Қостанайлық самбошы Әлем кубогының екінші кезеңінде жеңімпаз атанды

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
4447575[1]ҚОСТАНАЙ. 17 ақпан. Қостанайлық самбошылар Асылбек Әлкей мен Марина Мамонтова Беларусь президентінің жүлдесі үшін болған Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысты. Асылбек Әлкей жеңіс тұғырының бірінші баспалдағына көтерілді, Марина 5-орынды қанағат тұтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанай облыысның Қарасу ауднында тұратын самбошы Асылбек Қаазқстан Президентінің жүлдесі үшін болған Әлем кубогының бірінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Ол осы жолы 74 кило салмақта сынға түсті. Финалдық жекпе-жекте ол Жезқазғаннан барған самбошы Арман Сәрсамбинді жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілді және Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды. Қазір қостанайлық самбошылар наурыз айының ортасына таман Тараз қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz. Сурет: ng.kz. 7ca8[1]