07 Мамыр, 2015

Шарбақты ауылынан шыққан велосипедші Мәскеуге жетті (фото)

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.05.2015 Pavlodar-3ПАВЛОДАР. 7 мамыр. Павлодар облысындағы Шарбақты ауылының тұрғыны Өміржан Ошанов 6 сәуірде велосипедпен Мәскеуге жолға шыққан болатын. Ол 3800 шақырым жолды жүріп өтіп, 6 мамырда Мәскеуге жетті.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 07.05.2015 Pavlodar-2Өміржан Ошанов велошеруін Жеңістің 70 жылдығына арнады. Әуесқой велошабандоз 22 күннің ішінде 3 мың 800 шақырымды жол жүріпті. Ол  ауылда дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Әуесқой велошабандозды Кремльдің алдында жерлестеріміз қарсы алды. Ошановтың қасында жолсерігі Ерқанат Асқаров бар. Бір өкініштісі, Троицк қаласы тұсында шекарадан өтер кезде, велосипедшінің соңынан еріп жүрген көлік жүргізушісін төленбеген алимент қарызы үшін Ресейге жібермей қояды. Жүргізуші кері қайтыпты. Заңның аты заң. Соңдарынан басқа жүргізуші жолға шығыпты. 07.05.2015 Pavlodar-4Өміржан Ошанов пен Ерқанат Асқаров жол бойындағы ауыл, қалаларға тоқтап, соғысы ардагерлеріне сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетіпті. Енді екеуі де 9-мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысады. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz Сурет:  Вера Ливинцова.