АСТАНА. 8 мамыр. Катар астанасы – Дохада күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде. Осы сайыста еркін күрестен қазақ палуаны Дәулет Ниязбеков (61 кг.) құрлық чемпионы атанды. Бұл – Дәулеттің аталған жарыстағы алғашқы «алтыны». Осыған дейін ол екі мәрте Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді (Дели, Үндістан, 2013 ж., Астана, Қазақстан, 2014 ж.). Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Отандасымыз алғашқы белдесуінде Пәкстан сенім артқан Хуссейн Мудассарды жеңді (2:0). Екінші кездесуде қырғызстандық палуан Әділ Маматаевты 9:0 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Моңғолияның Номин Батболд есімді палуанынан басым түсті (15:10). Ал финалда Иран мықтысы Бэхнам Эхсанпурден айласын асырды. Нәтижесінде аталған жарыста Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Бұған дейін Дохадағы сайыста әйелдер күресінен Татьяна Аманжолова (48 кг.) қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Шешуші сында ол моңғолиялық Биамбазай Цогбаатарды жеңді. Сондай-ақ, еркін күрестен тағы екі палуанымыз қола жүлдеге таласқан елі. Алайда, екеуі де қарсыластарына есе жіберді. Олар: Жігер Закиров (74 кг.) пен Әлихан Жұмаев (97 кг.). Жігер Үндістан палуанына жол берсе, Әлихан жапониялықтан жеңілді.
Айта кетейік, күрес түрлерінен Азия чемпионаты 6 мамырда басталды. Құрлықтық додаға Азияның 26 елінен 340-тан астам палуан қатысуда. Жарыс 10 мамырға дейін жалғасады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: yka.kz.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше