Салтанатты жиында еліміздің Көк байрағы желбіреп, Әнұраны шырқалған соң, Мәңгілік алау оты тұтатылды. Волоколамск қаласынан арнайы әкелінген топырақ капсуласы белгіленген жерге салынып, гүл шоқтары қойылды.
Жұртшылық алдына Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев шығып: «Жеңіс күні – бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл соғыстағы жеңіске жеткенімізді атап өтетін, ең бастысы, бейбітшілікті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмаған арыстарымызды еске алатын күн. Ұлы Жеңіске тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі өлшеусіз. Алдыңғы буынның ардақты ісін бүгінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді, – деді. Содан кейін ол – Алматы қаласының түбінде жасақталған атақты 316-шы атқыштар дивизиясы қан майданға Мәскеу қаласын жаудан қорғауға аттанды. Күші басым дұшпанмен қорғана отырып соғысқан қазақстандық ержүрек жауынгерлер Мәскеуге таяу Волоколам ауданы, Дубосеково разъезінде кіші политрук В.Г.Клочков бастаған 28 гвардияшы-панфиловшы сарбаздар әлемді дүр сілкіндірген ерен ерлік көрсетті. Бүгін біз даңқты панфиловшы батыр бабалардың рухы алдындағы перзенттік парызға адалдық ретінде сонау Ресей жерінен әкелінген бір уыс топырақ пен мәңгілік алау ұшқынын Қапшағай қаласында қабылдап отырмыз, – деді.
Содан кейін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұдан әрі әдеби композиция жалғасты.
Сол күні Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев Қарасай ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы, тыл еңбеккері Динар-заде Сейдвалиеваға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен жеке пәтер кілтіне қосып түрлі-түсті теледидар табыс етті. 91 жастағы соғыс ардагері сүйікті немересімен бірге Жеңіс күнін қарсы алатын пәтеріне кіріп, Елбасына және қазақстандықтарға ақжарма алғысын ағытты.
Сондай-ақ, Алматы облыстық әкімдігі атынан «Қазақстан» қонақ үйінде майдангерлерге арналған салтанатты қабылдау болды. Онда салтанатты жағдайда «Құрмет» ордені 104 жастағы жетісулық Рабат Тегісбайұлына, «Ерен еңбегі үшін» медалі Тәңірберген Толғанбаев пен Берлібек Ысқақов бастаған 11 майдангерге табыс етілді. Қарияларға «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің шағын концерті көрсетілді. Салтанатты шара ҰОС ардагерлері Мәскеу мен Астанада өтетін Жеңіс парадына қатысулары үшін ғаламат лимузин бастаған автомобильдерге мінгізіліп, темір-жол вокзалына дейін құрметпен шығарып салынды.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше