08 Мамыр, 2015

Редакция ардагерлеріне құрмет көрсетілді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел басына күн туғанда қаншама боздақ қаламын қаруға айырбастап қан майданға аттанды... Қаншама қыршын жас Отан үшін майдан даласында опат болды, жауын жеңгендері елге аман оралды. Ұлы Отан соғысының тарихында «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің майдангер журналистерінің есімдері де «алтын әріппен» жазылған.

Кеше газеттің Алматы қала­сында тұратын майдандағы және тылдағы ардагерлеріне редакция тарпынан арнайы құрмет көрсетілді. Марапат алғандардың ішінде белгілі жазушы-журналист Қалмұқан Исабаев, Бисұлтан Аманғалиев және Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, тыл ардагері Хамит Біржанов бар. Әр жылдар бедеріндегі «Социалистік Қазақстанның» сарғайған бет­те­рінде қолтаңбалары қалған ардақ­ты ардагерлер редакциямен ешқашан да байланысын үзген емес. Еліміздің бас газеті «Еге­меннің» бүгінгі тыныс-тірші­лігінен хабардар, замана үндесу­лерінен құлағдар болып отырады.

Бостандық ауданының әкім­дігінде өткен ардагер-жур­налис­терді марапаттау рәсімін­де ­ба­сылымның Алматы бөлім­­­ше­сі­нің жетекшісі Қор­ғанбек Аманжол Астанадағы редакция бас­шылығының атынан құттықтау хат оқып, газет ар­дагерлеріне гүл шоқтары мен ақша­лай сыйақы табыс етті. Қарт қалам­герлерге ұзақ та ба­қыт­ты ғұмыр тіледі. Сондай-ақ,­ аудан­ әкімі­нің орынбасары С.Мә­ні­зоров арда­герлерді айтулы мерекемен құттықтады.

Өз кезегінде майдангерлер де бас басылымға сый-құрметі үшін алғыс айтты.

 Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Суретті түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ.

АЛМАТЫ.