08 Мамыр, 2015

Ардагерлер ардақталды

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

egemen (23)

Алматы облысының әкімі Аман­дық Баталов Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 70 жыл­ды­ғына орай 100 ардагермен облыстық әкімдікте салтанатты жағдайда кездесіп, айтулы мерекемен құттықтады. Сөйтіп, ҰОС ардагерлері, ҰОС-қа қатысу­шыларға теңестірілгендер, соғыс­та қаза болғандардың жесірлері, концлагерьлерде болғандар мен тыл еңбеккерлері – баршаның көңілдерін аулай білді.

Кездесу барысында ардагер­лердің барлығына 70 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Жарлығымен Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, мемлекетке сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі айрықша үлесі үшін жетісулық 24 ардагер мемле­кеттік наградаларға ие болды. Нақтылай түссек, ІІІ дәрежелі «Ба­рыс» орденімен екі ардагер, «Құрмет» орденімен 10 ардагер, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 8 ардагер және Қазақстан Респуб­ликасының Құрмет грамотасымен 4 ардагер марапатталды.

Жалпы, Алматы облысында 343 соғыс ардагері, 20 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық бюджеттен барлық ардагерге 150 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің денсаулығын түзеуге 145 млн. теңге бөлінді. Ардагерлер қажеттілігіне қарай түрлі құралдармен бірінші кезекте қамтылуда. Бұл мақсаттарға 300 млн. теңге қаржы қарастырылған. Баспана кезегінде тұрған 73 соғыс ардагеріне пәтер берілді.

Ардагерлерге қазақы дәстүр­мен мейрамханада дастарқан жайылып, мерекелік концертпен жалғасты.

 Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

ТАЛДЫҚОРҒАН.