Үстіміздегі жылдың 26 сәуіріне белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына байқау жүргізетін Республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалы өз жұмысын бастады. Осыған орай, облыстық «Қазақстан – Ақтөбе» телеарнасының мәжіліс залында қоғамдық комиссияның ашылуына арналған брифинг өткізілді.
Оның құрамына белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ пен жастар ұйымдарының өкілдері кірді. Олар электоралды науқанның ашық әрі шынайы өтуіне бақылау жүргізетін болады. Брифингте комиссия төрағасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының директоры Халел Құсайынов бұл туралы жан-жақты баяндады.
Ол комиссия жұмысының басты бағыты облыста сайлау туралы заңның сақталуына кандидаттардың сайлауалды штабтарымен, БАҚ және сайлау комиссияларымен бақылау жүргізу екенін тілге тиек ете келіп, комиссия мүшелері сайлау науқанына қатысушы барлық кандидаттарға бірдей жағдай жасалуын қамтамасыз ететінін, сайлау үдерісін бұзудың кез келген әрекеттерінің жолын кесіп, оларды уақтылы түзетіп, әкімшілік ресурстар тарапынан орын алуы мүмкін әрекеттерді болдырмау бойынша жұмыстар жасайтынын жеткізді.
Қоғамдық комиссия мүшелерінің басым бөлігінің аталған салада тәжірибесі бар, олар 2011 жылы өткізілген президенттік сайлау мен 2012 жылғы парламенттік сайлауға байқаушы есебінде белсенді қатысқан азаматтар.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше