Бұл сөздер Қырғызстанның белгілі қаламгерлерінің бірі, шығармаларын тәжік, қырғыз тілдерінде қатар жазатын Мирзохалим Каримовтың «Егемен Қазақстанға» жолдаған хатынан алынып отыр. Елбасы абыройы – ел абыройы екенін ескеріп, хатты газет оқырмандарының назарына ұсынуды орынды көрдік. Бауырласымыздың «демократия жалаң ызы-чуу не митинг эмес, баарынан мурда жоопкерчилик экенин элдерге түшүндүрө алдыңыз» деген сөздерінің астары да ойлы адамға түсінікті деп білеміз.
Президентке арналған хатта былай делінген:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің жетекшілік данышпандығыңыз, әлемдік аренадағы жұлдыздай жанған биік абыройыңыз, саяси ақылмандығыңыз туысқан қазақ халқының ғана емес, қала берді Орталық Азияның барлық халықтарының да мақтанышы. Нұрсұлтан десе – қазақ, қазақ десе – Нұрсұлтан деп білетін ақиқат шындық Қазақстанның тарих парақтарына мәңгілік өшпес алтын әріптермен әлдеқашан жазылып та қалды.
Президенттік қызмет тізгінін қолыңызға алғаннан бері еліңізді әлемдегі дамыған елу мемлекеттің қатарына қостыңыз, көпұлтты еліңіздің достық-ынтымағын шыңдадыңыз, демократия тек қана айқай-шу не митинг емес, бәрінен бұрын жауапкершілік екендігін елге түсіндіре алдыңыз. Мемлекетті тура басқару арқылы ел-жұртыңыздың тұрмыс-тіршілігін жақсартқаныңызбен, жетекшілік қырағылығыңызбен, қара қылды қақ жарған әділдігіңізбен Орталық Азияның және басқа өлкелердің президенттеріне ең үздік үлгі болып келе жатырсыз.
Керек болса, мен Сізді бүкіл Орталық Азия халықтарының бақытына жаралған тарихи тұлға деп санаймын. Әлемде әртүрлі қауіпті оқиғалар бола бастаған қиын заманда Орталық Азиядағы қуатты елдің жетекшілік тізгіні Сіздің қолыңызда тұрғаны Қазақстан үшін ғана емес, басқа көрші мемлекеттер үшін де үлкен күш-қуат.
Сізге денсаулық, игілік қалаймын!
Мирзохалим КАРИМОВ,
қырғыз-тәжік жазушысы.
Бішкек шаһары.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше