03 Шілде, 2010

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТЫНЫ, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҚҰТЫ

627 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Жер жүзінде ірілі-ұсақты 3 мыңдай халық, 222 мемлекет өмір сүріп жатыр. Біз, жұмыр жердің жұмыр басты адамдары, сол мыңдаған халықтардың барлығын бірдей түстеп тани бермейміз, олар көп. Мемлекеттерді де мінсіз мөлдіретіп тізіп шығу оңай іс емес. Дегенмен, халқының еңбеккер­лігімен, ұлтының өнерімен, шалқар жерімен, дана іс-әрекетімен, бауыр­машыл һәм меймандостығы­мен өзінің ұлттық атауын үш нәсіл­дің бар ұл-қыздарына өздері­нің тілінде айтқыза алған ұлттар мен елдер бар. Қытай, үнді, орыс, ағыл­шын, испан, француз, неміс, түрік десеңіз – бұл мемлекеттерді жер жүзі біле береді. Қазірде біздің қасиетті Отаны­мыз – сүйікті Қазақстанымызды да жер жүзі біліп жатыр. “Қазақстан” десеңіз, шетелдік сұхбаттасыңыз­дың жүзі жылып, көзі күлімдеп, біз туралы білетінін білдіргісі кеп бір көш жерге дейін көсіліп кетеді. Сонда олар не дейді? Жерлеріңіз кең. Жер қойнау­ларыңыз бай. Мұнай. Бидай. Металл. Қазақ халқы қандайда бір ұлыстарға бол­масын әкелік-аналық мейірімін төге­ді. “Иес!”, дейді. Байқоңыр – космодром, Семей – жабылған атомполигон, Қазақстан – ЕҚЫҰ, ХХІ ғасырда асқақтатып Астана сал­дыңыздар, сіздерге адамзат бала­­сының тең жартысы пір тұта­тын Рим Папасының өзі келіп, Қазақ­станға оң батасын берді. Жа­пон баласы қазақ тілінде теле­хабар жүргізді, қара түстінің баласы дом­быра тартып, қазақша ән салды, дейді! БҰҰ-ның әлемге ат үстінен қарайтын кәнігі парламентарийлері өз қатарларына елдің соңын ала кіріп, лезде төріне озған қазақтың ер баласы, бел баласы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайратты ісіне қызы­ғып, салиқалы да парасатты сөзіне құлақ қойған заманды көр­дік, осындай керемет халді басы­мыздан кешіп отырмыз. Жер жүзі Елба­сымызды танып, оны “Нұр­сұлтан Әбішұлы” деп нәмімен атап, атын жаттап отырған бүгінгі күніміз Қазақ­станның Жер шарын­дағы қарақұрым мемлекеттердің ара­сын­дағы атаулы мемлекеттермен бір қатарда тұрған асқақ шағы деп түсінеміз, солай сезінеміз. Герма­нияда Кельн-Бонн әуежайында кеден офицері менің қазақстандық пас­портымды тексеріп болып, бе­тіме қарап: “Назар­баев?..” деп сұра­ды. Мен: “Иә, Назарбаев!” дедім мақ­­таныш­пен. Ол – Қазақ­пын, Қазақ­стан­нанмын!” дегенім болатын. Президент Назарбаев – ұлты­мыз­дың ұстыны, халқымыздың құты мен айбыны, жаңа тарихы­мыздың авторы, ұлттық бірауыз­дылықтың тіні. Сырт елдер қазақты Назарбаев­қа қарап таниды. Оның қазақы бейнесі шетелдіктерді Қазақстанға іш тартқызып, онымен достық, эко­номикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатуға, ел мен жерді гүлдендіруге ұмтылдырады. Прези­дентіміздің бітім-болмысынан жат жұрт қазақ ұлтының өзіне тән, қапелімде байқала бермейтін мың­даған ұлттық нәзік реңктерін танып біле түскен сайын қазақтарды жақсы көрген үстіне жақсы көре түседі. Неткен қонақжай халық десе­ді, дәстүрі қандай, саясаткер де, саяткер де, шабандоз да осы халық! Тарихы терең, халық билі­гінің билер салған демократиялық үлгісі қандай, ежелден-ақ “Жеті Жарғысы” болған тоқтамды ел екен, сондай бейбіт халық бүгінде жаңарған әлемнің жаңаша ағымына да ілесе өзгеріп, ығына бейім­деле алып, Назарбаевтың басшы­лығымен нанотехнологияны да меңгеруге көшкен! Ешқашан көштен қалмаған халықпыз біз! Әр дәуірде көшбас­шы көсемдеріміз болды. Біз ұлт көсемдерін тыңдап, ұлан-ғайыр жер мен ұйыған ұлтқа ие болып қала алдық. Бүгін де солай. Тұңғыш Пре­­зи­дент – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың басшылығымен Қазақстан жаңа биіктерге қарай ұмтылуда. Астана күні, яғни аймаңдай алып­тың туған күні құтты болсын! Досымжан ТӨЛЕУІШ, Жамбыл облыстық кәсіподақтар кеңесінің қызметкері.