Дін • 02 Қыркүйек, 2025

Мәуліт мерекесі биыл 3-4 қыркүйекке сәйкес келеді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды мұсылман жыл санауы бойынша Мәуліт айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәуліт мерекесі биыл 3-4 қыркүйекке сәйкес келеді

Мәуліт айы – Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келген қасиетті айы. Биыл пайғамбарымыздың туған күні діни күнтізбеге сәйкес 3-4 қыркүйекке тұспа-тұс келіп отыр.

Ислам діні бойынша Мәуліт мерекесінің мәні – Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін насихаттау, жастарды имандылыққа, адамгершілікке және ізгілікке тәрбиелеу. Бұл айда ораза ұстау міндетті емес. Мұсылмандар үшін ораза парыз болып саналатын жалғыз ай – Рамазан. Ал Мәуліт айында сауапты амалдар жасап, Құран оқу және салауат айту сүннет саналады.

«Мәуліт айы – Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін насихаттап, сүннет амалдарын дәріптеудің, дініміздің асыл құндылықтарын ұлықтаудың берекелі мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ айтылып, Пайғамбарымызға салауат жолданады, мәуліт жыры оқылады. Салауат айту – өзіміз үшін қайырлы әрі мол сауапқа жетелейтін ізгі амал. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың сүннетін ұстану – Алланың разылығына жақындатар жолдың бірі»,  деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00