АСТАНА. 8 мамыр. Ақтауда полиция қызметкерлері той көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салды «Гелендваген» және Toyota Land Cruiser маркалы алты көліктен құралған той кортежінің заңсыздығы 2 мамыр күні бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Үш жолақты жолда той көліктері өзге жүргізушілердің жолын жауып тастап, мұнысымен қоймай, бірнеше рет жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Есірген жүргізушілердің көшенің тыйым салынған тұсынан бұрылғаны да бейнетаспада анық көрінеді.
Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз жетекшісі Әлия Шермағамбетованың мәлімдеуінше, кортежді полиция қызметкерлері тоқтатқан. Бірнеше заңсыздыққа жол берген екі жүргізуші жүргізушілік куәлігінен айырылуы әбден мүмкін.
«Көбіне жүргізушілер полиция қызметкерлерін тойдың берекесін кетірді деп айыптап жатады. Ал шындап келгенде, мерекенің мәнін кетіретіндер жол ережесіне бағынбайтын жүргізушілердің өздері. Себебі, полиция қызметкерлеріне рөлде кім отырғаны маңызды емес. Жүргізушілердің әлеуметтік дәрежесі, оның қаржылық жағдайы мен байланыстары да ештеңені өзгертпейді. Заң алдында бәрі бірдей!», – дейді Әлия Шермағамбетова.
Маңғыстау облыстық шкі істер департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда, бейнебақылау камералары және бейне тіркегіштердің көмегімен полиция қызметкерлері жолдағы заңсыздықтарды жиі тіркеп, оларға тез шара қолдана алады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: lada.kz.
• 08 Мамыр, 2015
Ақтауда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды (видео)

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше