19 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің  №140

193 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2014 жылғы 29 сәуір,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 5 мамыр №124/ ОД Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. «Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айнылымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2012 жылғы 28 қарашадағы № 429 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8205 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 81 (28020) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі ________________ Ә. Исекешев Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі ______________ Б. Жәмішев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 140 және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 124/ ОД бірлескен бұйрығына 1-қосымша Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 1. Осы Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы; 2) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері. 3. Улар айналымы саласындағы Өлшемдер: 1) бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген объективтік; 2) тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты анықталатын субъективтік болып бөлінеді. 4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына бастапқы жатқызу объективтік өлшемдер ескеріле отырып, жүзеге асырылады. 5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына одан кейінгі жатқызу субъективтік өлшемдер ескеріле отырып, жүзеге асырылады. 6. Улар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдерін есепке ала отырып, тексерілетін субъектілер: 1) тәуекелдің жоғарғы тобына: уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жоюды; уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады; 2) тәуекелдің орташа тобына уларды сатып алу, сақтау, өткізуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады; 3) объективтік өлшемдер бойынша тәуекелдің төменгі тобына бақылау субъектілері жатқызылмайды. 7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. 8. Осы Өлшемдердің қосымшасына сәйкес тәуекел өлшемдері бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін жинақталады. 9. Жиынтық қорытынды нәтижелері тәуекелдің тиісті дәрежелері бойынша тексерілетін субъектілерді мынадай тәртіпте бөлу үшін пайдаланылады: 1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 7 және одан асатын бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады; 2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 3-тен 6 балға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады; 3) елеусіз тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 0-ден 2 балға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады; 4) тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа және төменгі дәрежелеріне ауыстырылады; 5) тәуекелдің орташа дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне ауыс­тырылады; 6) тәуекелдің орташа және елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері анағұрлым жоғары және анағұрлым төменгі дәрежесіне ауыстырылады; 7) тәуекелдің елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа дәрежесіне ауыс­тырылады. 10. Тәуекелдің бір тобы ішінде жоспарлы тексеру өткізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады: 1) анағұрлым үлкен тексерілмеген кезең; 2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны. Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымша Тәуекел өлшемдері бойынша балдар № Өлшемдер Балдар 1 2 3 Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою 1. Жеке меншiк құқығындағы өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн өндiрiстiк-техникалық база мен мыналардың болмауы: технологиялық желі 5 мамандандырылған өндірістік ғимарат 7 арнайы жабдықталған қойма 7 жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай 2 2. Уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттің болмауы 7 3. Мыналарды: жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді 3 еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды 3 медициналық бақылауды 3 метрологиялық бақылауды 3 улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы 3 4. Тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда аттестатталған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының болмауы 7 5. Өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмауы 7 6. Арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдарының болмауы 7 7. Ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспарының болмауы 5 8. Ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың болмауы 5 Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану 1. Жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн 1 2 3 өндiрiстiк-техникалық база мен мыналардың болмауы: мамандырылған өндірістік ғимарат 7 өндірістің техникалық жобасына сәй келетін уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылық 7 жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайының болмауы 2 2. Мыналарды: жабдықтарды, тетіктердің, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді 3 еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды 3 медициналық бақылауды 3 метрологиялық бақылауды 3 улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы 3 3. Тиісті арнайы білімі мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының болмауы 3 4. Күзетуге өндiрiстiк-техникалық базаның иесi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттардың болмауы 7 5. Арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдарының болмауы 7 6. Ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспарының болмауы 5 7. Ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы 5 Уларды сатып алу, сақтау, өткізу 1. Уларды сақтауға арналған жеке меншiк құқығындағы арнайы 7 жабдықталған өнеркәсiптiк, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн қойманың болмауы 2. Мыналарды: еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды 3 медициналық бақылауды 3 улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы 3 3. Тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының болмауы 7 4. Арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиiстi лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен күзет қызметiне шарттың болмауы 7 5. Арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғану құралдарының болмауы 7 6. Ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтың болмауы. 5 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 140 және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 124/ ОД бірлескен бұйрығына 2 - қосымша Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 1. Осы Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) тексерілетін субъект - мынадай қызмет түрлеріне лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар; 2) тәуекел – оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы: босатылған оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу; монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу. 3. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы Өлшемдер: 1) бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген объективтік; 2) тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласында заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты анықталатын субъективтік болып бөлінеді. 4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына бастапқы жатқызу объективтік өлшемдер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға одан кейінгі жатқызу субъективтік өлшемдер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 6. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдері ескеріле отырып, тексерілетін субъектілер: 1) тәуекелдің жоғары тобына мыналарды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады: босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу; босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу; монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру; монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдарды өндіру; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алу; 2) тәуекелдің орташа тобына мыналарды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады: монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу; 3) бақылау субъектілері объективтік өлшемдер бойынша тәуекелдің төменгі тобына жатқызылмайды. 7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. 8. Осы Өлшемдердің қосымшасына сәйкес тәуекел өлшемдері бойынша балдары жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін жинақталады. 9. Жиынтық қорытынды нәтижелері тиісті тәуекел дәрежелері не тексерілетін субъектілерді бөлу үшін мынадай тәртіпте пайдаланылады: 1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 7 және одан асатын бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады; 2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 3-тен 6 балды қоса алғанда жинаған бақылау субъектілері жатқызылады; 3) елеусіз тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 0-ден 2 балды қоса алғанда жинаған бақылау субъектілері жатқызылады; 4) тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа және төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін; 5) тәуекелдің орташа дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне ауыс­тырылуы мүмкін; 6) тәуекелдің орташа және елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері анағұрлым жоғары және анағұрлым төменгі дәрежеге ауыстырылуы мүмкін; 7) тәуекелдің елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа дәрежесіне ауыс­тырылуы мүмкін. 10. Бір тәуекел тобы ішінде жоспарлы тексеру өткізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады: 1) анағұрлым үлкен тексерілмеген кезең; 2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымша Тәуекел өлшемдері бойынша балдар № Өлшемдер Балдар 1 2 3 Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру 1. Заңды тұлға басшысының немесе оның басшысы орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның басшысы орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiмен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімнің болмауы 2 2. Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болмауы 7 3. Қызметтiң көрсетiлген кiшi түрiне қатысты әзiрлеу және өндiру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттар жиынтығы түрiндегi ғылыми базаның болмауы 5 4. Жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес өндiрiстiк-техникалық базасы мен мыналардың болмауы: арнайы өндірістік ғимарат 7 жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмі 7 әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайлары 7 жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар 2 5. Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсатының болмауы 2 6. пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына жауап беретін өлшеу құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарының болмауы 5 7. ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу және өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың болмауы 5 8. материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болмауы 2 9. атыс қаруын пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленушi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың болмауы. 7 Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу 1. Заңды тұлға басшысының немесе басшысы орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның басшысы орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiмен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалықбілімнің болмауы 2 2. Тиiстi техникалық бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар бiлiктi мамандардың болмауы 7 3. Қызметтiң көрсетiлген кiшi түрiне қатысты әзiрлеу және өндiру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттар жиынтығы түрiндегi ғылыми базаның болмауы 5 4. Жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес өндiрiстiк-техникалық базасымен мыналардың болмауы: арнайы өндірістік ғимарат 7 жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмі 7 жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайлар 7 жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлардың болмауы. 2 5. Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсатының болмауы 2 6. Шарттарына және олар үшiн белгiленген өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына жауап беретiн өлшеу құралдары, оның iшiнде радиацияны өлшеу құралдарының болмауы 5 7. Ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы 2 8. Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болмауы 5 9. Атыс қаруын пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленушi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың болмауы. 7 Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу 1. Заңды тұлға басшысының немесе басшысы орынбасарының, оның iшiнде филиалы басшысының немесе оның басшысы орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiмен айналысатын жеке тұлғаның жоғары 2 техникалық білімнің болмауы 2. Тиісті техникалық бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар бiлiктi мамандардың болмауы 7 3. Оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, жабдықтарын сақтауға арналған, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк, өрт, санитариялық- эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн жеке меншiк құқығындағы арнайы жабдықталған қойманың болмауы 7 4. Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсатының болмауы 2 5. Монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, оларды өндiруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды есепке алу және сақтау жөнiндегi журналдың болмауы 2 6. Атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленушi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың болмауы. 7 Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу 1. Заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кітапшасының болмауы 2 2. Тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандардың болмауы 7 3. Жеке меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және: мамандандырылған өндiрiстiк ғимарат 7 арнайы жабдықталған қойма 7 жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болмауы 2 4. Ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжiрибелiк үлгiсiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың болмауы 5 5. Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзiрлемелердi), жинақтаушы бөлшектердi, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы 2 6. Аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың болмауы 2 7. Күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндiрiстiк-техникалық базаны оқ-дәрiмен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарттың болмауы. 7 Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру 1. Заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кітапшасының болмауы 2 2. Тиісті техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен: 7 жабдықтарды, механизмдердi, құрылғыларды, жарақтарды, көлiктi, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық қызмет көрсетудi 3 еңбек қауiпсiздiгiн, технологиялық регламенттiң орындалуын, периметр мен қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды 3 метрологиялық қамтамасыз етудi, кiру бақылауы мен дайын өнiм сапасын қамтамасыз ететiн бiлiктi мамандардың болмауы 3 3. Ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы 5 4. Жеке меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және: мамандырылған өндірістік ғимарат 7 арнайы жабдықталған қойма 7 жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасының болмауы 2 5. Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзiрлемелердi), жинақтаушы бөлшектердi, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы 2 6. Аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың болмауы 2 7. Өндiрiстiк-техникалық базаның иесi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрiмен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарттың болмауы. 7 Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу 1. Заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кітапшасының болмауы 2 2. Тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандардың болмауы 7 3. Жеке меншiк құқығында қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманың болмауы 7 4. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы 2 5. Аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың болмауы 2 6. Күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрiмен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметiне шарттың болмауы. 7 Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзiндiк өндiрiстiк мұқтаждықтар үшiн сатып алу 1. Заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кітапшасының болмауы (Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін осы тармақшасы бойынша мәліметтерді ұсыну талап етілмейді) 2 2. Тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандардың болмауы (Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін осы тармақшасы бойынша жарушының бірыңғай кітапшасының білікті мамандар болуы туралы мәліметтерді ұсыну талап етілмейді) 7 3. Жеке меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманың болмауы 7 4. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы 2 5. Аумақтық iшкi iстер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсаттың болмауы 2 6. Арнайы жабдықталған қойманың иесi мен лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрiмен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарттың болмауы. 7 Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу 1. Заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің болмауы 2 2. Тиісті техникалық білімі, мамандыәы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болмауы 7 3. Жеке меншiк (стационарлық және (немесе) ұтқыр) құқығында немесе өзге де заңды негiзде қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес және мыналарды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасы мен мыналардың болмауы: мамандандырылған өндiрiстiк ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлiк типтегi ұтқыр модуль, көтергiш механизм, жабдықтар 5 босатылатын оқ-дәрiлер мен олардың компоненттерiн сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесiмен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма 7 босатылатын оқ-дәрiлердiң қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң 5 жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жай 2 4. Пайдалану шарттарына және олар үшiн белгiленген өлшем бiрлiгiн, оның iшiнде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн өлшеу құралдарыдың болмауы 3 5. Қызметтiң мәлiмделген түрi бойынша мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттары рұқсатың болмауы 2 6. Ұйымның басшысы бекiткен персоналға қауiпсiздiк техникасын оқыту жөнiндегi және босатылатын оқ-дәрiлердi жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықтардың болмауы 5 7. Кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрiлердiң материалдарын, жинақтаушы бөлшектерiн, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы 2 8. Өрт қауiпсiздiгi және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретiн лауазымды тұлғаның болмауы 3 9. Өндiрiстiк-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмауы. 7 Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу 1. Заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің болмау 2 2. Тиiстi техникалық бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар бiлiктi мамандардың болмауы 2 3. Жеке меншiк құқығында, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы 4. нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес және мыналарды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасы мен мыналардың болмауы: мамандандырылған өндiрiстiк ғимарат, құрылыс, көтергiш механизм, жабдықтар 5 босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма 7 босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң 5 жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай 2 5. Пайдалану шарттарына және олар үшiн белгiленген өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн өлшеу құралдарының болмауы 3 6. Қызметтiң мәлiмделген түрi бойынша мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының рұқсатытың болмауы 2 7. Ұйымның басшысы бекiткен персоналға қауiпсiздiк техникасын оқыту жөнiндегi және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықтардың болмауы 7 8. Босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерiн, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы 2 9. Өрт қауiпсiздiгi және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретiн лауазымды тұлғаның болмауы 3 10. Өндiрiстiк-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмауы. 7 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 13 маусымын­дағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9514 болып енгізілді.