24 Маусым, 2015

Этносаясат арқауы – тұрақтылық пен бірлік

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
003-203Облыс орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік-құқықтық тетіктер және халықаралық стандарттар» тақырыбындағы үш күндік республикалық семинар-тренинг болып өтті. Семинар-тренинг жұмысына Пре­зидент Әкімшілігі Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Хатшы­лығының, Мәдениет және спорт министрлігінің, Президент жа­нын­дағы «Қоғамдық келісім» РММ, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комис­сияның өкілдері, Президент жа­нындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы атсалысты. Тыңдаушылар ретінде этносаралық және конфес­сия­аралық қатынастар, этносая­сат мәселесімен айналысатын мем­лекеттік қызметшілер, әкім­дік­тер мен мәслихаттардың мамандары, ішкі саясат бөлімдерінің және дін істері, жастар саясаты басқармаларының басшылары мен мамандары, өңірлердің ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары және ғылыми-сараптамалық топтарының мүшелері, «Қоғамдық келісім» РММ өңірлік құрылымдарының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының этно­мәдени, діни және жастар бір­лестіктерінің жетекшілері қатысты. Семинар-тренингтің салтанатты ашылуында Қазақстан хал­қы Ассамблеясы облыстық хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршин сөз сөйлеп, дұрыс жүргізілген этносаясаттың еліміздегі саяси тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етіп отырғанына тоқталды. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова семинар-тренингтің жұмысымен таныстырды, оның маңызы мен мақсатын атап көрсетті. Үш күндік семинар-тренингке қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».  Ақтөбе облысы.