АСТАНА. 8 мамыр. Елбасы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Он мыңға жуық адам қатысқан рәсім барысында Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қаза тапқан сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасы өтті.
Мемлекет басшысы монументке гүл қойғаннан соң соғыс және еңбек ардагерлерімен әңгімелесті.
Елбасы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.
«Бұл соғысқа көп ел қатысты, миллиондаған адамдар майдан даласында қаза тапты және соншасы жарақат алды, жақындары жапа шекті. Біз – жеңімпаз әкелердің бақытты ұрпағымыз. Егер олар жеңіске жетпегенде, қазір біздің жағдайымыз қандай боларын елестетудің өзі қиын. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық. Мен жастардың оларға әрдайым көмектескенін, қарт ата-аналарын құрметтегенін қалаймын, біздің халық солай болуға тиіс. Ардагерлер арамызда аман-есен ұзақ жүріп, адамгершілік, моральдық ұстанымдарымен жас буынға үлгі бола берсін. Мерекелеріңізбен, қымбатты қазақстандықтар! Әрбір отбасыға бақыт, табыс және ашық аспан тілеймін!», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 08 Мамыр, 2015
Елбасы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше