Ақтөбе облысында қазіргі заман технологияларға сәйкес жабдықталған ірі тауарлы-сүт фермасы ашылды. Кешен 1100 бас жоғары өнімді сауын ірі қара малға арналып, жылына 7 мың тоннаға дейін сүт өндіруді жорамалдайды. Бұл – ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 2009 жылы “ҚазАгро” Ұлттық холдингке республикамыздың Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде қаржыландыруға “ҚазАгроҚаржы” АҚ мақұлдаған алғашқы жобалардың бірі.
Жаңа мал кешені облысымыздың Мортық ауданында орналасқан және сүтті қайта өңдеу және азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар өндіру саласында маманданып жүрген “Айс” ЖШС салған. Жобаны 1 920,7 млн. теңгеге “ҚазАгроҚаржы” АҚ қаржыландырған. Компания бөлген қаражатқа ферманың ғимараты мен құрылысы салынды, сонымен қатар Van der Ploeg Іnternatіonal B.V. (Голландия) компаниясынан мал тұратын орын мен сауын жабдығы, Eurasіa GmbH (Германия) және Eurasіa Group AG (Швейцария) компанияларынан ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Бұдан басқа Hunland Trade Kft (Венгрия) компаниясынан 200 бас асыл тұқымды сиырлар сатылып алынды. Бұл – ендігі тиелген жерінен жіберіліп, дайын фермаға ағымдағы жылдың шілде айының басында орналастырылатын венгерлік голштино-фриз селекциясы тұқымының алғашқы партиясы.
“ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамында айтқандай, жобаны қаржылай қолдаған компания болатын, өйткені аталмыш жоба өзекті де өмірге бейімді болып табылатындығымен қатар, оны іске асыру Қазақстанның батыс аймағының тамақ өнеркәсібін дамытуға ықпалын тигізуге тиіс. Сонымен бірге жаңа өндіріс салық төлемақылары түрінде облыс бюджетін толықтырып, шамамен 45 жұмыс орнымен қамтамасыз етпекші.
“Айс” ЖШС үшін сүт фермасы қазіргі қолданыстағы сүтті қайта өңдеу зауытының сенімді шикізат базасы болып табылмақшы. Кешен толық жобалық қуатқа шыға тұрып, сапалы сүт өніміне деген аймақ қажеттілігін қанағаттандырып, оның өзіндік құнын төмендетеді және сүтті қайта өңдеуге байланысты көрсетілетін қызмет нарығын ұлғайтады деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытқа өтінім қабылдау бойынша екінші кезең барысында “ҚазАгроҚаржы” компаниясына түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты 80-нен астам өтініш келіп түскенін айта кетпекшіміз. Оның 14 өтінімі тауарлы-сүт фермасының құрылысын қаржыландыруды көздейді. Бүгінгі таңда компанияның несие комитетімен ендігі жұмыс атқарып жатқан өндірістерге қосымша еліміздің түрлі аймақтарында іске асырылатын тағы да 4 жоба мақұлданған. Төрт жоба қаралу үстінде.
“ҚазАгроҚаржы” 2009 жылдан бастап, қазіргі заманғы ірі тауарлы-сүт фермаларын құру, құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру, жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарын өндіруде тамшылатып суару технологиясын енгізу сияқты еліміздің ауыл шаруашылығындағы алты бағытта перспективалық жобаларды қаржыландырып келеді. Инвестициялық жобалар 12 жыл мерзімге дейін жылдық 6 пайыз шарттарында және 2 жылға дейін негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңмен Ұлттық қор қаражатынан қаржыландырылады.
“ҚазАгроҚаржы” АҚ негізгі мақсаты – ауыл шарушылығы тауар өндірушілердің қаржы қаражаттарына, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. 2007 жылдан бастап “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдинг” АҚ құрамына енген.
“Егемен-ақпарат”.