АСТАНА. 8 мамыр. «Прогресс М-27» ғарыш кемесі Мәскеу уақыты бойынша жұма күні 05:04-те жұмысын тоқтатты. Бұл туралы «Роскосмос» таратқан ресми мәлімдемеге сілтеме жасап, interfax.ru хабарлады.
Ресейлік «Прогресс М-27» ғарыш кемесі жұмаға қараған түні атмосфераның тығыз қабатында жанып кеткен. Апат Тынық мұхитының үстінде тіркелген. «Ғарыш кеңістігін бақылау ұлттық жүйесі таратқан деректерге қарағанда, кеме ауа қабатының тығыз қабатына кіріп, жанып кеткен», – дейді «Роскосмос» өкілі.
Қазіргі таңда «Прогресс М-27»-нің оқыстан жойылып кетуіне байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу қорытындылары мемлекеттік комиссия жұмысы аяқталысымен 13 мамырдан кешіктірілмей жарияланатын болады.
Алдын ала деректер бойынша, кеменің істен шығуына «Союз» тасығыш-зымыранының үшінші сатысындағы жарылыс түрткі болған. Сатыдағы апат одан «жүк көлігі» бөлінетін кезден бес-алты секунд бұрын болған.
Осыдан кейін ғарыш кемесі тиісті шамадан артық жылдамдықта айнала бастаған. Қатты айналудың салдарынан «Прогресстің» басқару жүйесі істен шыққан.
Естеріңізге сала кетейік, «Прогресс» ғарыш кемесі 28 сәуір күні Байқоңырдан ұшырылған болатын. Кеме халықаралық ғарыш стансасына жанармай, оттегі, ғылыми сараптамалар үшін құрылғылар, ғарышкерлерге сәлемдемелер, сондай-ақ, азық-түлік жеткізуі керек болған. Ғарыш кемесінің істен шығу шығыны бес миллиард рубльге бағаланып отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: interfax.ru.
• 08 Мамыр, 2015
Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс» ғарыш кемесі әуеде жанып кетті

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше