Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелері туралы» дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық білім басқармасының, техникалық және кәсіби білім беру, мектептер мен интернаттар, білім саласы орталықтарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын тарата баяндап, Ұлттық комиссияның осы мәселеге қатысты атқаратын ауқымды істеріне тереңірек тоқталды. Ол Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін Ұлттық комиссия құрған бес жұмыс тобында отандық және шетелдік сарапшылар жұмыс істейтінін, ең басты екі мақсат ол – елімізді 2050 жылдары әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылуға атсалысу әрі ынтымақтастық және даму елдері ұйымының стандарттарын жүзеге асыру болып табылатынын жеткізді. Сондай-ақ, әр қадамды жүзеге асыру үшін қандай жұмыстар жасалатынын дәйекті дәлелдеді, осы бағытта алда тұрған ауқымды міндеттерді саралай талдады, оны ұлттық комиссияның алға қойған талаптарымен түсіндіре әңгімеледі.
Шара барысында сөз алған Ақтөбе политехникалық колледжінің директоры Қасымбек Алдияров, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің қызметкері Қамалхан Қуан өз кәсіптік оқу орындарындағы жаңаша жұмыс істеуге бағытталған сәтті қадамдарды баяндай келіп, қол жеткен табыстар мен атқарылар ауқымды істерді де айналып өтпеді. Жалпы, Ұлт жоспарын әңгіме өзегіне айналдырған жиынға қатысушылар 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, жоғары сыныптарда отбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру, экономиканың алты негізгі саласы үшін білікті кадрларды даярлау, білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру бойынша бірқатар пікірлер мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше