08 Мамыр, 2015

Шымкент тұрғындары 70 метрлік Жеңіс лентасын алып жүрді (фото)

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
8-5-15-lenta 01АСТАНА. 8 мамыр. Шымкент қаласының тұрғындары патриоттық акция аясында Жеңіс лентасын Ордабасы алаңынан Абай атындағы саябақта орналасқан Даңқ ескерткішіне дейін алып жүрді. Бұл туралы today.kz хабарлады. Лентаның салмағы 50 кг. Шараны ұйымдастырушылар осы бастамаларымен Гиннес рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, акцияға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері де қатысты. Аға буын өкілдері Жеңіс лентасын көлікте отырып алып жүрді. Қатысушылар Ұлы Жеңіс туралы өлеңдер оқып, ән салды. Жеңіс лентасын алып жүруге ниет білдірген кез кел адам қатысқанын айта кетейік. Шараны ұйымдастырушылар лентамен үш шақырымнан астам жол жүріп өтті. Игі бастама соңы қаланың шығармашылық ұжымы ұйымдастырған концертпен жалғасты. Акция аяқталған соң лентаны Жеңіс саябағындағы «Ерлік» жергілікті музейіне тапсыру ұйғарылған. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: today.kz. 8-5-15-lenta 02 8-5-15-lenta 03