Аймақтар • 16 Қазан, 2025

«Қалбатау – Майқапшағай» автожолы ашылды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қалбатау – Майқапшағай» (906-1321 шақырым) автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, ұзындығы 415 шақырымды құрайтын учаске толық ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Қалбатау – Майқапшағай» автожолы ашылды

Фото: «ҚазАвтоЖол»

Жоба Қытай Экспорт-импорт банкінің және Республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылған. Қайта жаңарту жұмыстары Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағындағы 10 учаске мен 2 жол пайдалану бөлімшесін қамтыған. 

Учаскелерде негізгі құрылыс және асфальтбетон төсеу жұмыстары толығымен аяқталған. Ал жол бойындағы инфрақұрылымды абаттандыру қараша айының соңында аяқталады. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ол құрылысына негізінен отандық құрылыс материалдары мен жергілікті жұмыс күші пайдаланылғанын мәлімдеді. 

Жол құрылысы үшін 2,4 млн тонна асфальтбетон қоспасы өндіріліп, 1,3 млн текше метр қиыршық тас пайдаланылған. Сондай-ақ, шамамен 1100 бірлік жол-құрылыс техникасы және 1800-ден астам маман тартылған.

пп

Қайта жаңарту аясында 37 көпір, 2 жол өткелі, 2 көлік айрығы, 349 су өткізу құбыры, 5 демалыс алаңы және 2 санитарлық-гигиеналық торап салынған.

«Қалбатау – Майқапшағай» тасжолы еліміздің көлік саласының маңызды бөлігі. Бұл жол Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерін Қытай Халық Республикасының шекарасымен байланыстырады. Жобаның жүзеге асырылуы транзиттік әлеуетті арттыруға, өңіраралық және халықаралық байланысты нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл – еліміздің экономикалық тұрақты дамуына бағытталған жол инфрақұрылымын жаңғыртудың кең ауқымды жұмысының нәтижесі», деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50