Аймақтар • 16 Қазан, 2025

СҚО-да орақ науқаны аяқталуға жақын

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында 2,972 млн гектар алқаптан дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған, бұл – егіс алқабының 98,2%-ын құрайды. Бастырылған астық көлемі – 6,17 млн тонна, ал орташа өнімділік гектарына – 20,8 центнер, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да орақ науқаны аяқталуға жақын

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған агротехнологияларды жетілдіру, техниканы жаңғырту және өсімдік шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану сияқты нақты қадамдар ықпал етті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше майлы дақылдарды жинау да табысты жүзеге асып жатыр. Бүгінде 684,0 мың гектар алқаптан 791,3 мың тонна өнім жиналған, орташа өнімділік гектарына 11,6 центнерді құрады. Майлы дақылдардан 1,0 млн тоннаға дейін рекордтық өнім алу межеленген. Олай болғанда бұл өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ, бұл – ел ішінде де, сыртқы нарықтарда да майлы дақылдарға деген сұраныс артып тұрған кезеңде ерекше маңызды.

Сонымен қатар, 8,6 мың гектар жерден 135,9 мың тонна картоп жиналды (өнімділік – 158,2 ц/га).

Көкөніс дақылдарының өнімділігі гектарына 137,8 центнер деңгейіне жетті.

Орақ науқаны барысында белгілі болғандай, өңірдің агроөнеркәсіп кешені табысты дамып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50