06 Шілде, 2010

ХАЛЫҚ КҮШІ – ҚАЙНАР БҰЛАҚ

666 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ел азаматтарына үндеу арнады. Онда былай делінген: Қазақстан егемендікке ие бол­ған алғашқы күннен бастап Пре­­зидент Н.Ә.Назарбаевтың мем­­­лекет саясатының басты бағы­тына айналдырған бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеясы қоғам­дағы тұрақтылық пен халықтың әлеуетін арттырудың басты ұста­ны­мына айналды. Сөйтіп, респуб­ликамыз әлемдік өркениетке ау­ыз­біршілік пен достықтың, өзара құрмет пен сенімнің озық үлгісін көрсетіп, бейбіт тәртіп пен елдің сындарлы өркендеуін қамтамасыз етті. Біз бүгін, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың то­леранттылық және қоғамдық ке­лісім, ұлттық бірлік пен ынтымақ саясаты әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалғанын мақта­нышпен сезінеміз. Бұған нақты дәлел – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі. Шетелдік саяси қайраткерлер бізде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасқанын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық тұрақтылықты сақтау­шы маңызды құралға айналғанын бірауыздан атап жүр. Қазақстан халқы Ассамблеясы дүниеге келген алғашқы сәттен бастап ол адами құндылықтар мен қағидаттарды нығайту арқылы, барлық қазақстандық этностарды өз қанатының астына ұйыстыра отырып, тынбас еңбек пен ортақ міндеттерді іске асыру арқылы күрделі жолдан өтті. Сөйтіп, қызметін консультативтік-кеңесші орган ретінде бастаған ҚХА өз мәртебесін конституциялық тұрғыда бекітіп, іргелі қоғамдық институтқа айналды. Біз, Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшелері, Тәуелсіздік идеалдарын жүзеге асыруға арнал­ған бейбітшілік пен келісім сая­сатын, Тұңғыш Президент – Ел­басы туралы заңдарды толықтай қолдайтынымызды атап көрсет­кі­міз келеді. Аталған заңдар қоғам­ның Ұлт көшбасшысының талас­сыз тұлғалық бейнесіне деген үлкен құрметін айқындады. Ұлт көшбасшысы мәртебесін заңдастырудың тарихи мәні ерек­ше. Бұл – біз үшін маңызды, бұл келер ұрпақ үшін де керек. Бұл – Қазақстанның қарыштап дамуы­ның, негізгі құндылығымыз – Тәуелсіздікті нығайту идеясы арқылы ұйысудың кепілі. Біз барлық қоғамдық күштерді бейбітшілік пен ауызбіршілікті бағалауға, татулықта тұрмыс ке­шіп, айтылған әрбір сөз бен атқа­рылған іске жауапты болуға, Қа­зақ­стан халқының басты құн­ды­лығы – бейбітсүйгіштік, төзім­ді­лік пен өзара қолдау қасиеттеріне ұқыпты қарауға шақырамыз. Біз Қазақстан халқын Ұлт көш­басшысы, бейбітшілік пен қоғам­дық келісім кепілі, Нұрсұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаевтың жа­­­ны­на ұйысуға ша­қырамыз, делінген үндеуде.