Заң • 07 Қараша, 2025

Алматы хостеліндегі өрт: Апелляциялық сот шешімді өзгертті ме?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 30 қарашасында 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты апелляциялық сот өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы хостеліндегі өрт: Апелляциялық сот шешімді өзгертті ме?

Фото: Ашық дереккөзден

Іс бірінші сатыда  Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қаралып, ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедьяров 5 жылға, «Гидсервис» компаниясының иесі Александр Пекельник 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Апелляциялық кезеңде айыпталушылардың қорғаушылары сот үкімімен келіспейтінін айтып, сотталушыларды ақтауды сұраған. Олар өздері келтірген уәждер сот шешім шығарарда ескерілмегенін алға тартты. 

Ал мемлекеттік айыптаушы алғашқы шешімнің күшін сақтауды сұрады. 

Нәтижесінде Әділбек Мұхамедьяровқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылып, Александр Пекельниктің жәбірленушілер А. және А. есімді азаматтар пайдасына 7 миллион теңге төлеу туралы шешім күшін жойды.

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15