Спорт • 23 Қараша, 2025

Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 23 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 77 мәрте шеберлік байқасты. Оның 26-сы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Авангард» 37 ұпаймен 7-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 27 қарашада Ресейде «Салават Юлаевпен» кездессе, одан кейін 29 қарашада «Металлург» (Магнитогорск), 1 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35