Төтенше жағдай • 23 Қараша, 2025

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында таулы жерлердің қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталғалы тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.

– Сол учаскелердің бойында 93 шақырым жол мен түрлі ғимараттар орналасқан. Егер көшкін жүрсе тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан "112" қызметінен ескертулер жасалса, қауіп-қатерден аулақ болыңыздар және қар көшкіні қаупі бар жолдармен жүрмеңіздер, – деп ескертті құтқарушылар.

Айта кеткен жөн, облыс бойынша қар көшкіні қаупі бар кезең сәуір айына дейін созылады. Осы аралықта бұқара тауға шықпас бұрын ауа райы жағдайын қатаң ескеруі қажет.

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20