Спорт • 30 Қараша, 2025

Қазақстан дзюдошылары Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдо бойынша Grand Slam кезеңінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан дзюдошылары Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады

Ел спортшыларының ешқайсысы финалдық кезеңге дейін жеткен жоқ.

30 қараша күні Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Марат Байқамұров (100 келіге дейін) және Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) жарыс жолынан шығып қалды.

Бұған дейін 48 келі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова қола жүлдені жеңіп алған еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана медаль бар.