Фото: gov.kz
Қалалық прокуратураның талдау нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Инватаксиге» сұраныс түнгі уақытта да жоғары екені анықталған. Өйткені азаматтар түнде де шұғыл медициналық мекемелерге жүгінуі ықтимал.
Осы қолайсыздықтарды жою мақсатында уәкілетті орган шарттарға қосымша әзірленген келісімдерге қол қойды.
Енді «Инватакси» қызметін белсенді қолданатын 2215 адам оны тәулік бойы қолдана алады.