Жастар • Бүгін, 21:22

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға 1700 өтінім түсті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға 1700 өтінім түсті

Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жастарға жан-жақты қолдау көрсету Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – дарынды жастарды анықтауға бағытталған Президент бастамаларының бірі.

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, көрнекті ғалымдар, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, медиа-сарапшылар және бизнес өкілдері кірді. Аида Балаева комиссия әділ шешім қабылдағанына сенім білдірді.

Комиссия қорытындысы нәтижесінде 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.

Жеңімпаздарға жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл барлығы 1700 өтінім түсті. Оның ішінде 1622 өтінім қабылданды. Атап айтқанда, «Бизнес» бағыты бойынша – 796, «Ғылым» бағыты – 138, «Мәдениет» бағыты – 152, «Ақпараттық технология» бағыты бойынша – 211, «Медиа» бағыты – 154, «Волонтерлік» бағыты бойынша – 171 өтінім.