Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды.
«Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал актер, каскадёр және кәсіби аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Аида Балаева марапат иелерін құттықтап, игілікті жолдағы қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.