Фото: Ашық дереккөз
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ақпаратына қарағанда, облыстық экология департаменті аталған компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізді.
«Департамент тексеруден кейін қоршаған орта компоненттерін қалпына келтіру шараларын жүргізу туралы бұйрық шығарды. Ал серіктестікке экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 26,5 миллион теңге айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде өндірілді», деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Компания қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеп, бекітті. Қазір қалпына келтіру жұмысы аяқталған.
«Ластанған учаске тазартылды. Қоршаған орта компоненттері қалпына келтірілді. Бұл сәйкестік туралы есептермен расталды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға келтірілген залалды жою бойынша тиімді шараларды қабылдауды жүйелі жалғастырады», деп мәлімдеді комитеттен.