Спорт • 10 Желтоқсан, 2025

Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық «Қайрат» пен гректің «Олимпиакосы» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур матчына берілген бағалар жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды

Фото: f.c.kairat

SofaScore дерегінше, қақпашы Темірлан Анарбеков осы ойынның абсолютті үздігі атанды. Ол матч барысында сегіз бірдей қауіпті соққыны қайтарып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде  голкипер 9.2 ұпай алып, кездесудің ең үздік ойыншысы деп танылды.

Анарбековтен кейінгі жоғары балды «Қайрат» қорғаушылары Еркін Тапалов пен Егор Сорокин жинады – екеуіне де 7.2 деген баға қойылған.

Ал «Олимпиакосқа» жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы Желсон Мартинш бұл ойында 7.5 рейтинг алды.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков – Чемпиондар лигасы матчында MVP атағын иеленген алғашқы қазақ футболшысы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше чемпиондар лигасының 6-турында «Қайрат» грекиялық «Олимпиокоспен» ойнап, 0:1 есебімен жеңілді. 

Ал «Қайрат U19» командасы өз алаңында гректің «Олимпиакосын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35