Қоғам • Кеше

Шағын дүкеннің Тәуелсіздікке шашуы

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы «Әзірет» азық-түлік дүкені (Шәм­ші Қалдаяқов кө­шесі, 44 үй) Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендіріліп, жұрт назарын аударды. Сауда орнының иесі Темірхан Сапаров дүкен ішін көк түсті шарлар мен мемлекеттік Тумен көмкеріп, ұлттық мерекеге деген құрметін өзгеше білдірген.

Шағын дүкеннің Тәуелсіздікке шашуы

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Кәсіпкердің айтуынша, безендіруден кейін Астананың әр ауданынан тұрғындар арнайы келіп, дүкенді көріп, суретке түсіп, сауда жасап, жылы ле­біз­дерін білдіріп жатқан көрінеді.

«Айналадағы дүкендерді қарасам, көбісінде шырша қойылып, Жаңа жылға дайындық қызып жатыр екен. Әрине, бұл да жақсы мереке. Бірақ 16 желтоқсан – біздің азаттық алған күніміз. Неге дәл осы мерекеде де мекемелерді жарқыратып қоймасқа деп ойладым. Ең бастысы, осынау айтулы дата ескерусіз қалмасын, балалар да, ересектер де дүкенге кіргенде көк Туды көріп, осы күннің мәнін сезінсе деймін. Бүгін тағы бір қуаныш – ұлды болдым. Сондықтан дәл осы мейрам маған өте ыстық. Біздің дүкендегі мерекелік безендіру азат күнімізге деген кішкентай алғыс қана», дейді кәсіпкер.

Темірханның идеясын іске асыру оңай болмаған. Дүкен ішін 7 күнде безендіріп, жалпы 4000 дана шар мен 1000-ға жуық жалау сатып алынған. Шамамен 2 млн теңге жұмсалғанымен, халықтың қолдауы мен артқан сау­да шы­ғынды толық ақтаған. Бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінген детальдардың бәрі біріккенде, ерекше атмосфера сыйлайды. Дүкен тәулік бойы, 24/7 режімінде жұмыс істейді.

Жаңа жыл жақындаған сайын, әдемі шырша, түрлі-түсті шамдар, сыртқы безендірулер көбейетіні рас. Ал Тәуелсіздік күні көбіне ресми шаралар, салтанатты жиындар аясында ғана атап өтіледі. «Әзірет» дүкенінің осы бір бастамасы – ұлттық мерекені күнделікті өмір кеңістігіне әкелудің, қа­рапайым тұрмыстық ортада наси­хаттаудың жарқын мысалы.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50