Спорт • 14 Желтоқсан, 2025

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алты медаль иеленді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ерлер құрамасы Дубай қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, алты медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алты медаль иеленді

Ұлттық құрама барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, оның алтауы жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (71 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдеге ие болса, Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Ертуған Зейнулинов (63,5 келі) қола медальмен жарысты аяқтады.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды 7 алтын, 5 күміс және 1 қола медальмен Ресей құрамасы иеленсе, үшінші орынға Өзбекстан (2 алтын, 3 күміс, 3 қола) жайғасты. Төртінші нәтиже Әзербайжан құрамасына тиесілі болды (1 алтын, 2 қола).

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасына 1 млн 240 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Оның ішінде боксшыларға – 620 мың доллар, федерацияға – 310 мың доллар және жеке бапкерлерге – 310 мың доллар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15