Ауа райы • Бүгін, 10:25

15 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық болады

70 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

15 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық болады

Фото: Shutterstock

Көлік қозғалысына шектеу енгізілген тасжолдар: 

Абай облысында 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау а. - ШҚО шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 13:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 08:00-де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығында (Абай облысы шекарасы – Рубеж бекеті) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 13:00-де ашу жоспарланған.

Көлік қозғалысы ашық тасжолдар:

Қызылорда облысында сағат 08:30-да республикалық маңызы бар «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін) барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылды.

2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша келесі республикалық маңызы бар тасжолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:

Ақмола облысы:

• «Жезқазған- Арқалық- Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін);

• «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы - Қарағанды облысы шек.);

• «Астана - Қорғалжын» автожолының 36-180 шақырым аралығы (Ақмол ауылы - Қаражар ауылы);

• «Жезқазған - Арқалық - Петропавл» автожолының 377-553 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін);

• «Қостанай - Әулиекөл -Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);

• «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 256-407 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы - Атбасар қаласы);

• «Жақсы - Есіл - Бұзылық» автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы ауылы - Бұзылық ауылы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

• «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 834-856 шақырым аралығы (Чистополье ауылы - Ақмола облысы шекарасы).

Ұлытау облысы:

• «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автожолының 433-756 шақырым аралығы (Жезқазған қаласынан Жаңаарқа елді мекеніне дейін).

Ақтөбе облысы:

• «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 11-104 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін).

Қарағанды облысы:

• «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 51-101 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Нұра елді мекеніне дейін).

Қостанай облысы:

• «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 218-232 шақырым аралығы (Октябрьское ауылы - Ақмола облысы шекарасы).

2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша келесі республикалық маңызы бар тасжолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:

Жамбыл облысы:

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін);

Түркістан облысы:

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).

Ақтөбе облысы:

• «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 104 -337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Атырау облысының шекарасы);

 • «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-391 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласынан Ырғыз жол айырығына дейін);

 • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 971-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:30-дағаы жағдай бойынша келесі республикалық маңызы бар тасжолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:

Атырау облысы:

• «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» 337-517 шақырым аралығы (Доссор ауылы - Сағыз ауылы)

Қарағанды облысы:

• «Қызылорда- Жезқазған- Қарағанды- Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығындағы (Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін);

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1067 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Молодежный ауылы);

• «Қарағанды - Аягөз - Боғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы - Қарқаралы ауылы)

Қостанай облысы:

• «Жезқазған - Арқалық - Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Ұлытау облысы:

• «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автожолының 756-788 шақырым аралығы (Жаңаарқа елді мекенінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-де республикалық маңызы бар «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» тасжолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылды.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы құбылып тұр

Қаржы • Бүгін, 16:44