23 Наурыз, 2015

Сингапурдің бұрынғы лидері Ли Куан Ю қайтыс болды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-03-15-li_kuan_iu-1

АСТАНА. 23 наурыз. Сингапурдің бірінші премьер-министрі болған Ли Куан Ю дүние салды. Бұл туралы оның ұлы, елдің қазіргі үкімет басшысы Ли Сянь Луна өзінің Twitter-дегі ресми микроблогында хабарланды. «Премьер-министр Ли Сингапурдің бірінші премьер-министрі Ли Куан Ю мырзаның өмірден кетуін үлкен өкініш сезімімен қарсы алды», - делінген хабарламада. Ал 91 жастағы саясаткер 23 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 03:18 сағатта Сингапурдің орталық ауруханасында үзілген. Еске сала кетейік, Ли Куан Ю ауруханаға ақпан айының басында пневмонияның ауыр формасымен жеткізілген еді. Экс-премьерге бірден өкпеге ауа апаратын жасанды аппарат қосылып қойылды. Ли Куан Ю – Сингапурдің белгілі саясаткері. Ол 1959 жылы ел егемендікке қол жеткізген кезде 31 жасында үкімет билігі басына келген еді. Қазір ол Сингапурді Оңтүстік-Шығыс Азияның артта қалған елінен қаржы орталығына айналдырған «экономикалық кереметін» жасаушылардың бірі болып саналады. Мұрат Айтқожа.