Аталған кәсіпорындар өнім өндіріп, өңірлік әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Компаниялардың оңды істері қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, әлеуметтік қорғау шараларын күшейтуге, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Конкурстың қалалық кезеңінде Шымкент қаласынан 18 кәсіпорын қатысып,
5 аталым бойынша 19 өтінім ұсынылған-ды. Комиссия барлық үміткерді арнайы талаптармен қарап, әлеуметтік жауапкершілік деңгейі, еңбек жағдайы, экологиялық талаптарды сақтау мен корпоративтік мәдениет көрсеткіштері жағынан бағалады.
Мамандар «Парыз» конкурсы жергілікті кәсіпорындардың бизнестегі әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетінін, алдағы уақытта әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуына серпін беретінін мәлімдеді.
ШЫМКЕНТ